Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әйел үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті: Оқиғаға қатысты қылмыстық іс жабылды

Алматыда үш баласымен бірге терезеден секірген әйелге қатысты қылмыстық іс жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, аталған жағдайдан кейін Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. 

"Аталған факті Әуезов ауданы полиция басқармасында қылмыстық кодекстің 105-бабы ("өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша тіркелді. Кешенді тергеу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", – деді Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы шағын аудандарының бірінде әйелдің үш баласымен 9 қабаттан секіріп кеткені туралы хабарлаған едік. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылғы балаларымен бірге көз жұмды. Сондай-ақ марқұмның күйеуі Нұрсұлтан Оразов отбасындағы жағдай туралы айтып берді. 

Қайғылы жағдайдан кейін марқұм әйелдің соңғы хаты табылды. Әйел жазбасында ешкімді кінәламайтынын, алайда кінәлі адамдар өздері хабардар екенін айтып, кешірім сұраған.

Оқиға болған кезде 30 жастағы күйеуі үйінде болмаған. Ал әйелдің туыстары төрт адамның өліміне марқұмның күйеуін кінәлады.

Талқылау