Алматылық әйел үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кеткен
Алматылық әйел үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Жетісу-1 шағын ауданында болған.
Қазіргі уақытта әйел мен екі баласының қаза тапқаны белгілі болып отыр. Балалардың үлкені ауруханаға жетер жолда жантәсілім еткен.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өз өзіне қол жұмсаған әйел 28 жаста. Анасымен қоса оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласы да бірге құлаған.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге апару") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Әкесі ұйықтап жатқан: Атырауда жасқа толған егіздер терезеден құлап кетіп, біреуі көз жұмды
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"