AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі ұйықтап жатқан: Атырауда жасқа толған егіздер терезеден құлап кетіп, біреуі көз жұмды

Атырауда көпқабатты үйдің терезесінен 2020 жылы туған егіздер құлап кетіп, олардың біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

дети окно

Қайғылы оқиға Береке ықшамауданында болған. Балалар 3 қабаттан құлап кеткен.

"Оқиға орын алған кезде балалардың анасы жұмыста болып, ал әкесі ұйықтап жатқан. Өкінішке қарай, пәтердің терезелеріне қорғаныш торлары орнатылмаған. Егіздердің біреуі ауруханада қайтыс болды, екінші баланың жағдайы әзірге белгісіз сәбиге аурухана дәрігерлері көмектесуде", – деп мәлімдеді төтенше жағдайды басқару қызметі.

Құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:

- Пәтерде терезелерді ашып, бөлмені желдету кезінде баланың қадағалауда екеніне көз жеткізіңіз;

- Балаңызға ересек адамның қадағалауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз;

- Ешқашан ұйқыда жатқан баланы үйде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып ашық тұрған терезеге шығып кетуі мүмкін;

- Балаға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Бұған баланы ес білген шағында үйреткен абзал.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметкерлері терезеге орнатылған масалар торының үлкен қауіп туғызатынын атап өтті. Олардың айтуынша, бала оны ұстағыш зат ретінде көріп сүйенеді де, тормен бірге құлап кетуі қаупі басым.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр