Илья Ильин тағы бір жаңа қызметке орналасты
Қазақстандық танымал спортшы, ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин жаңа қызметке орналасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол алдағы оқу жылынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.
Спортшының өзі осы жоғары оқу орнында оқыған. Илья Ильин университет басшыларымен кездескен кезде оған жастарға дәріс оқуға ұсыныс түсті. Ол бұл ұсынысты қабыл алды.
Бұған дейін Илья Ильин Қызылордадағы "Мұз. айдыны" кешенінің директоры қызметіне тағайындалған еді.
Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлем чемпионы болды. Екі Жазғы Олипиадаға қатысты. Алайда, 2016 жылы спортшы 2008 және 2012 жылы ұтқан алтын медальдарынан айырылды. Бұған себеп - сарапшылардың оның қанында тыйым салынған дәрілік заттарды анықтауы.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен