Илья Ильин Қызылордадағы "Мұз айдыны" кешенінің директоры қызметіне тағайындалды
Ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанған қазақстандық спортшы Илья Ильин Қызылордадағы "Мұз. айдыны" кешенінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысамын ба деп ойлағанмын. Бірақ әлемнің басты спорт жарысы кейінге қалдырылды. Сол себепті спорт карьерамды аяқтауды жөн деп шештім", - дейді Илья Ильин.
Айтуынша, ол енді спорт басқармасына біржолата бет бұрмақ. Бұған қоса ол болашақта жаттықтырушы болуды да жоспарлап отырғанын жеткізді. Десек те қазіргі таңда бар ықыласын Қызылордадағы жұмысына арнамақ.
Еске салайық, 2016 жылы спортшы 2008 және 2012 жылы ұтқан алтын медальдарынан айырылған болатын. Бұған себеп - сарапшылардің оның қанында тыйым салынған дәрілік заттарды анықтауы. 2018 жылы Ильин дисквалификациядан кейін қайта спортқа оралған еді, алайда денсаулығына байланысты ол өзін биік деңгейде көрсете алмады.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"