Илон Маск Марсқа ұшу құнының шамамен қанша болатынын айтты
SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск Марсқа ұшу құнының шамамен қанша доллар болатынын айтты. Масктың сөзінше, билет бағасы кез-келген адамға қолжетімді болуы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Business Insider басылымына сілтеме жасап.

Илон Маск TED конференциясының кураторы Крис Андерсонмен әңгіме барысында Қызыл планетаға ұшу құны шамамен 100 мың доллар болатынын айтқан. Сонымен қатар ол Марсқа миллионға жуық адамды тарту үшін билеттің қолжетімді болуы керек екенін айтып өтті.
"Егер Марсқа көшу мүмкін болса, бір жаққа ұшу құны 100 мың доллар болса, барлығына қолжетімді болады деп ойлаймын. Бұл қаржыны кез-келген адам жинап, қаласа Марсқа ұша алады", - деді миллиардер.
Масктың сөзінше, SpaceX адамдардың Жердегі мүлкін сатып, Марсқа ұшып кете алатындай болуы үшін жұмыс істеп жатыр. Әңгіме барысында кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама және несие секілді өзге де қаржыландыру түрлері туралы айтып өтті.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"