Иесі 5 миллион доллар қаражатты итіне мұрагерлікке қалдырды
Америка Құрама Штаттарының тұрғыны, 84 жастағы кәсіпкер Билл Доррис сегіз жыл бірге тұрған итіне бес миллион доллар мұрагерлікке қалдырды, деп жазады Daily Mail.

Кәсіпкердің әйелі де, баласы да болмаған. Алайда соңғы сегіз жыл ішінде онымен бірге Лулу атты шекаралық колли ит өмір сүрген. Ол оған өзінің барлық жинақ ақшаларын - бес миллион долларды мұрагерлікке қалдырды. Қаражат арнайы қорға орналастырылып, итті ұстауға кеткен шығынның орнын толтыруға жұмсалады деп хабарланды.
Өмірінің соңғы жылдары кәсіпкер жолда көп уақыт өткізді - осы уақытта адамның танысы оның итіне қарады. Ол қайтыс болғаннан кейін үй жануарына қарауды өтінді.
«Ол бұл итті өте қатты жақсы көрді. Мен 5 миллион долларды Лулуды күтуге жұмсай алмайтынымды білемін. Бірақ тырысып көремін», - деді әйел.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"