Олимпиада комитеті күрестен ресейлік чемпиондарды Париж олимпиадасына қатыстырмайды
Халықаралық олимпиада комитеті ресейдің ең үздік балуандарына Париж олимпиадасына қатысуға рұқсат берген жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Халықаралық олимпиада комитеті 4 қана ресейлік еркін күрес шеберіне Париж олимпиадасына қатысуға рұқсат берді. Бірақ олардың қатарында Заурбек Сидаков пен Абдулрашид Садулаев жоқ. Сөйтіп 74 келіде Токио олимпиадасында топ жарған Заурбек Сидаков Париж олимпиадасына қатыспайтын болды. Сондай-ақ 97 келідегі екі дүркін олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтың де Париждегі дүрмекке қатысу екіталай. Енді Ресей күрес федерациясы олимпиадаға қатысу-қатыспау туралы шешім шығарады.
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен олимпиада ойындарында төрт рет чемпион атанған кубалық балуан Михаин Лопестің Париждегі додаға да қатысатынын жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

