Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік шықты
Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында командалық есепте топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Иорданияның Хашимит қаласында 17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында “классиктер” командалық есепте топ жарды. Үш балуанымыз қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. 55 келіде Ербол Камалиев чемпион атанса, Нұрсұлтан Базарбаев 63 келіде финалда Анкит Анкитті жеңіп, жеңімпаз атанды. Одан бөлек, Бақдәулет Азамат пен Асылбек Жәнібекұлы қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, бұған дейін 72 келіде белдескен Мерей Мәулітханов қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионатының жеңімпазы атанғанын жазған едік.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?

