Головкиннің келесі міндетті қарсыласы белгілі болды
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлемнің "суперчемпионы" Геннадий Головкинге сол санаттағы кубалық Эрисланди Ларамен міндетті жекпе-жек тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Тараптарға келіссөздер жүргізу үшін 30 күн – 2022 жылдың 23 қыркүйегі мен 23 қазаны аралығында уақыт берілді. Белгіленген уақытта Головкин мен Лара жекпе-жек туралы келісімге келе алмаған жағдайда, жүлде қорын GGG пайдасына 75%-дан 25%-ға дейін бөлу туралы промо-аукцион белгіленеді.
Бұған дейін WBA Геннадий Ларамен жұдырықтасса, супер орта салмаққа өтуге және Сауль "Канело" Альвареспен осы категорияда сөзсіз әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуге рұқсат берген болатын.
Еске салайық, GGG мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 18 қыркүйекте өтіп, мексикалық боксшы жеңіске жеткен еді.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек

