Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Головкин нокаутпен жеңілуі мүмкін": Мексикалық әлем чемпионы Головкинмен кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеді

Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) келесі жылы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Бұл туралы ол кезекті жекпе-жегінен кейін мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Хайме Мунгия

14 қарашада Хайме Мунгия Головкиннің бұрынғы қарсыласы Габриель Росадоны төрешілер шешімімен жеңіп, WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғады. 



"Росадо – тәжірибелі, мықты боксшы. Жойқын соққыларға қарсы тұра алды. Сондықтан жоспарыма түзетулер енгізуге тура келді. 

Келесі жылы чемпиондық атақ үшін жекпе-жекті күтіп отырмыз. Головкинмен кездесу өткізгім келеді және мұның жанкүйерлерге ұнайтыны анық. Бұл маған да ұнар еді", – деп мәлімдеді ол. 

Хайме Мунгияның промоутері Фернандо Бельтран Головкин мен Мунгия арасындағы кездесу жайлы пікір білдірді. Ол өз сұхбатында мексикалық боксшының нокаутпен жеңуі де ықтимал екенін айтты.

"Головкин Муратаны жеңсе, неліктен жекпе-жек өткізбеске? Бұл расымен де тарихи кездесу болады. Хайменің жеңе алатынына сенімдімін. Тіпті нокаут та болуы мүмкін", –  деді Фернандо Бельтран.

Талқылау