Головкин мен “Канело” арасындағы екінші жекпе-жек қашан болады
ESPN телеарнасының сарапшылары Геннадий Головкин мен Сауль Альварес «Канело» арасындағы рематч қыркүйек айында Лас-Вегастағы спорт алаңында өтетініне сенімді.
Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бастапқыда беделді журналист Дэн Рафаэль жекпе-жек өтеді деген ең ықтимал орынды атады.
«Мен бұл айқас қыркүйек айында T-Mobile Arena спорт алаңында өтетініне сенімдімін», – деді ол.
Содан кейін оның әріптесі Брайан Кэмпбелл екінші жекпе-жек өтетін күнді хабарлады.
«Менің сөзімді естен шығармаңыздар! Бұл айқасты қыркүйек айында тамашалай аламыз. Рематч 15 қыркүйекте Мексиканың Тәуелсіздік күнінде болады», – деді журналист.
Оқи отырыңыз:
Қазақстан тұңғыш рет хоккей бойынша әлем чемпионатын қабылдайды
Әлем чемпионының бапкері: Головкин бұрынғыдай мықты емес, ол көп соққы жібереді
Футболист Мұхаммед Салах үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған
Қазақстандық регбишілер Азия чемпионатының ақтық кезеңіне жолдама алды