Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливудтың әйгілі актері Эдриен Броуди: Менің бұрыннан киіз үйде тұрғым келеді

Сенбі күні таңертең Голливудтың әйгілі актері Эдриен Броуди XIII халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне арналған баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап берді.

2814230

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

«Мен дирижер Алан Бөрібаевтың өнеріне тәнті болдым. Болашақта дирижердің рөлін сомдасам деймін», – деді актер.

Актер қазақтың киіз үйіне оң бағасын берді.

«Мен бұрыннан қаланың сыртына киіз үй тігіп сонда тұрсам деп армандайтынмын. Маған қазақтардың киіз үй құрылысы, көшіп-қонуға ыңғайлылығы қатты ұнайды», – голливуд жұлдызы.

«Маған Қазақстанда әдемі адамдар тұрады деп ескерткен болатын. Менің жұмыстарымды, өнерімді бағалайтынын да айтты», – дейді Эдриен Броуди.

«Мен жандүнием көшпелі адам. Саяхаттағанды ұнатам. Егер қазақстандық жобада лайықты роль болса, тарихи рөлде ойнауға дайынмын. Қазіргі уақытта тарих пен заманауи фильмдерге түскім келеді», – дейді Броуди.

Тағы да оқыңыз:

Жүкті екенін білген желідегілер Жұлдыз Өмірғалиды ұрысып тастады (фото)

Талғат Жорабаев: Сәбит әпкемді жиі жылатып, қорлап жіберді

Айқынның Жұлдыз Өмірғалиге үйленіп, отбасын тастап кеткені рас па (фото)

Ақбота мен Айдарқұловтың отбасындағы шындықты директоры айтып берді

Талқылау