Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота мен Айдарқұловтың отбасындағы шындықты директоры айтып берді

Ақбота Сейтмағамбеттің инстаграмдағы отбасы туралы мәлімдемесінен кейін ақапаратты толығырақ білмек болып, Stan.kz  тілшісі оның директоры Даяна ханымнан тілдесті.

дауренБота

Әншінің директоры Ақботаның қазіргі өмірінен барлық шындықты баяндап берді.

“Ақбота тікелей эфирде оқырмандарымен тілдесіп отырған сәтте Дәурен бірінші отбасындағы балаларының жанында болған. Ол Ботамен бірге тұрады. Тек арасында балаларына барып тұрады. Қазір Ақбота мен Дәуреннің қарым-қатынасы жақсы. Бәлкім желі қолданушылары Ақботаның сөзін дұрыс түсінбей қалған шығар”,-деді  Даяна.

Демек жас әнші актермен ажырасқан жоқ. Ол тек оның бұрынғы отбасымен қарым-қатынасын сақтауына өзі ниетті екенін жеткізбек болған. Бірақ жұлдызды жұптың әлеуметтік желі парақшаларында бір-бірінің оқырманы емес екені рас.

Жеке өмірден бөлек әншінің директоры жақында ғана ана атанған Ақботаның шығармашылықты қолға алып жатқанын айтып өтті.

«Ол топтан шыққаннан кейін өзінде ешқандай жеке ән болған жоқ. Қазір жаңа әндерді жаздыру үстінде»,-дейді Ақботаның директоры Даяна.

Stan.kz  сайтының материалын көшіріп басу үшін, сізде редакцияның хат түріндегі рұқсаты болуы шарт!

Оқи отырыңыз:

Көпшілік Астанада 6 баласын жалғыз асырап жүрген әкеге үй салып, ішін жиһазға толтырып берді (фото,видео)

Ақбота: Дəуренді алғашқы отбасына өзім жібердім

Кітабының тұсауын кескен Баян Мақсатқызы шымкенттіктерді шулатты (фото, видео)

Салтанат Бақаева алғаш рет туған бауырлары мен анасының суретін көрсетті (фото)

 

Талқылау