Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Генерал Күдебаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ауылына кетіп қалған – Бозымбаев

Полиция басшысы Серік Күдебаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Талдықорғаннан ауылына кетіп қалған. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

күдебаев

Өңір әкімі 5 қаңтарда Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев комендант болғанын, ол облыс әкімдігі ғимаратындағы жағдайды бақылауда ұстай алмағанын атап өтті. Әкімдік, облыстық полиция департаменті мен қалалық әкімдік ғимараты басып алынған.



"Соңында азаматтық билік олармен (бүлікшілермен - еск.) жеке қалды. Мен Ішкі істер департаменті (Полиция департаменті - еск.) басшысын іздедім. Оны таңға таяу Талдықорғаннан 300 шақырым жерден таптым. Ол Қаскелеңнің маңындағы туған ауылына кетіп қалған. Мен: "Неге кетіп қалдың?" дегенімде. "Басым жарылды, аяғым ауырады, отбасымды алып кеттім" деп жауап берді", - деді Қанат Бозымбаев YouTube-та берген сұхбатында.

Айта кетейік, 25 сәуірде Серік Күдебаевтың Ішкі істер органдарынан өз еркімен кеткені белгілі болған еді. 

Талқылау