AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Күдебаев Ішкі істер органдарынан кетті

Бүгін БАҚ-та генерал-майор Серік Күдебаевтың ҚР Ішкі істер органдарынан кеткені туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Күдебаев өз еркімен қызметтен кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Серік Күдебаев

Серік Күдебаев Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы қызметін атқарып келді. Алайда 26 қаңтарда криминалдық жағдайды ескере келе кадр әлеуетін нығайту, қылмыспен күресті күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін Президент әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Заппаров Арыстанғали Расылханұлы Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды . 

Серік Күдебаев Алматы облыстық полициясын 2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап басқарды. 

Ол 1965 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. 

2009-2013 жылдары Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді. 

2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласының полиция департаментін басқарды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр