AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің ісін қайта қараудан бас тартты

Наурыз айының басында Заманбек Нұрқаділовтің ұлы әкесінің ісін қайта қарау өтінішімен Бас прокуратураға жүгінгенін айтқан еді. Арада 1,5 ай өткен соң, Бас прокуратура Қайрат Нұрқаділовтің өтінішіне жауап берді. Орган мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің ісін қайта қараудан бас тартты. Бұл туралы Қайрат Заманбекұлы Nege.kz-ке берген сұхбатында айтты. 

"Маған ресми түрде "істі қайта қарамаймыз" деген жауап келді. "Суицид жасаған, басқа деуге негіз жоқ" дейді. 

Мен олармен кездестім деп айттым ғой. Барлығын түсіндірдім. Бас прокуратурадан келгендерге "істі қайта қараңдаршы, дұрыс шешім қабылдаңдаршы" деп айттым.

Олар расымен де істі архивтен алды, қарады. Қарағаннан кейін уақыт керек екен. 7 үлкен томды қарап шығыпты. Соның нәтижесінде: "Іс сол кезде дұрыс тергелген, суицид болған", – деп жауап берді", - дейді Қайрат Нұрқаділов.

Енді ол журналистер арқылы қоғамнан көмек сұрайтынын хабарлады.

Ал Бас прокуратураның берген жауабы мынадай:

"...Жоғарыда көрсетілген сот сараптамасы мен басқа да дәлелдер суицидке қатысты қорытындымен сай келеді. Кешенді сот психолого-психиатриялық сараптама (№918, 12.01.2006, өлген соң) да осыны көрсетеді. Осыған сай, сол кезеңде З.Нұрқаділовтің жүйке күйзелісінде болғаны суицидке апарған себептердің бірі болуы мүмкін.

Сондай-ақ Сіздің әкеңізді өзіне қол жұмсауға жеткізген деректі анықтау мүмкін емес. Өйткені қылмыстық құрам жоқ болғандықтан 16.11.2006 жылы іс жабылған.

Тергеу органының шешімін бұзуға негіз жоқ. Қылмыстық іс материалдарымен Алматы қалалық прокуратурасынан кез келген уақытта таныса аласыз".  



Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қараша күні қаза тапты. Оның денесінде үш оқтың ізі болды.

Екеуі кеудесінде, біреуі басына тиген. Ресми қорытындыға сәйкес, Нұрқаділов өз-өзіне қол салған.

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің жұбайы болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр