"Ғарышпен байланысым бар": Төреғали Төреәлі туған жері Байқоңыр өңіріне барды
Танымал әнші Төреғали Төреәлі туған жері Байқоңырға барып, оқырмандарына туып-өскен мекенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/toregalitoreali/
Балалық шағы зымырандар ұшатын жерде өткен өнер иесі өзі туралы қызық деректерді бөлісті.
“Байқоңыр – ғарыш тарихы басталған жер. Өзімнің туған жерімді кішігірім таныстырып жіберейін. Үйлердің сыртында-ақ зымырандардың муралы бейнеленген. Байқоңырды жердің кіндігі деп жатады. Зымырандар сәтті ұшқан. Қазақстан мен Ресей бірігіп, жұмыс істеп отыр. Осы жерде туғаннан кейін менің де ғарышпен байланысым бар сияқты. Бекерден бекер өнер адамы болмадық қой. Осы жерде жүріп, қазақша ән айтып өстік. Осында айтысқа қатысып жүрдік. Әкелеріміз танымал тұлғалармен араласты. Мектебім де осы маңда орналасқан, ашық па, жабық па көрейік", – деді әнші.
Айта кетейік, Байқоңыр ғарыш айлағына заңсыз кіріп кеткен үш шетелдік азамат ұсталды. Үш еуропалық азамат ғарыш айлағына заңсыз кіріп, Байқоңырдың монтаждау және жанармай құю кешеніне дейін жеткен. Оларды патрульдік полиция қызметкерлері байқап қалған.