"Аяз жүреді": Қазанның алғашқы күні ауа райы қандай болады
“Қазгидромет” 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
29-30 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде атмосфералық қысымы жоғары өрістің әсері сақталады. Осыған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады.
1 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай соғып, жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Елдің солтүстік жартысында 1-3°C аяз жүреді. Күндіз ауа температурасы елдің солтүстік жартысында +15…+23°C болады.
Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы +20…+25°C-тан +15…+23°C-қа дейін төмендейді. Таулы аудандарда +10…+15°C-тан +8…+13°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен