Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алтын адамның" қазақтарға еш қатысы жоқ - Зерттеуші

"Алтын адамды” ашқан авторлардың бірі – қазақстандық археологияның негізін салушы – Кемел Ақышев. Оның ұлы Әлішер де қазба жұмыстарына қатысып, әкесіне көмектескен. Археолог "Алтын адам" туралы тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Turanpress.kz басылымына сілтеме жасап. 

Алтын адам

"Табылған кезде бөлшектелген бас сүйек туралы алғашқы қорытындыны антрополог Оразақ Смағұлов берген. Зерттеу кезінде бүкіл қаңқа онымен бірге болды. Содан кейін белгілі болғандай, "Алтын адамның" қалдықтары, менің ойымша, археологиялық ескерткіштер бөліміне түскен. Бірнеше жыл бұрын олар Мемлекеттік сараптама ғимаратынан табылған. Сүйектердің ол жаққа қалай жеткенін білмеймін.

Содан қораптағы сүйектер Алтын адамға тиесілі ме, жоқ па анықтау үшін Бекен Нұрмұханбетов екеумізді  шақырды. Сүйектер Алтын адамға тиесілі болып шықты. Мұны анықтау қиын емес - бүкіл қаңқа киімге тігілген тақталардан тотыққан. Өкінішке орай, бас сүйегі жоқ болып шықты. Өйткені бір ғана тіс сақталса да, ДНҚ талдауын жасауға болады. Мен бір ғана дүниені айта аламын, қалдықтар Есік қорымының аумағындағы Есік мұражайында жатыр. Қазір бұл оқиғаға менің қатысым жоқ. Тіпті, мен бұл тақырып туралы сөйлескім келмейді, өйткені табылған заттардың айналасында тым көп болжамдар, пікірлер және түрлі алаяқтықтар бар.



Айта кетсем, қазір Есік қаласындағы мұражайда қазба материалдарының басым бөлігі, барлық фотосуреттер және сот-медициналық сараптамадан табылған сүйектер де сақталған. Мұның бәрі мұражайға қалай түскенін мен де білмеймін", - деді Әлішер Ақышев.

Әлiшер Ақышов Алтын адамның бас сүйегі туралы да айтты. 

"Сот-медициналық сараптамадан табылған сүйектер бар жәшікте бас сүйегі жоқ еді, мен бас сүйегін тек қазба жұмыстары кезінде ғана көрдім. Бұл езілген бөлікті қаңқасымен бірге Оразақ Ысмағұлов зерттеген, менің кітабымда оған сілтеме де бар", - деп қосты сарапшы.

"Алтын адамның" әйел екендігі туралы гипотезаға байланысты да бірқатар ақпараттар айтылды. 

"Жамбас сүйектерінен оның ер адам екені анық байқалады. Бұл әйел болғаны туралы ақпараттарды журналистер өздері ойлап тапқан. Одан кейін алыс-жақын шетелдерден ғылымға еш қатысы жоқ адамдар келіп, түрлі теориялар шығарады. "Есік қорғаны" кітабымда, "Сақтардың мифологиясы" деген кітабымда бәрі жазылған. Қалғанының барлығы фантастика", - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар сарапшы “Алтын адамның” жерлену әдісіне қарап, оны кішігірім көсем болған деп есептейді.

"Өкінішке орай, осы тақырыптың бел ортасында болған және Алтын адамның шынымен кім екенін білетін барлық маңызды сарапшылар баяғыда қайтыс болды. Қазіргілер тек мифтер, ертегілер ойлап шығарумен айналысып жүр. Айтпақшы, "Алтын адам" терминін журналистер ойлап тапты. Біз оны тапқан кезде олай атаған жоқпыз", - деп атап өтті сарапшы.

Қорытындылай келе, Ақышев бұл олжаның археология тұрғысынан үлкен тарихи құндылыққа ие екендігін баса айтты.

"Ғылым - әлдеқайда күрделі нәрсе. Ғылым үшін "Алтын адам" таңғажайып жаңалық болды. Оны жанжалды тақырып еткен біздің замандастарымыз болды", - деп атап өтті сарапшы.

Ғалымның айтуынша, бұл қорғанды ​​қазу басталғаннан-ақ бұл істерге көптеген белгісіз адамдар араласқан.

"Ақиқатқа еш қатысы жоқ көптеген реконструкциялар, "Алтын Адамның" өзі туралы неше түрлі фантастикалық әңгімелер жасалды.  Бірақ "Алтын адамның" жалғыз шынайы реконструкциясы Владимир Садомскийге тиесілі. Қалғандары ойдан шығарылған", - дейді ол.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 22 Маусым, 2022 22:44
Талқылау