Гаити президентін жұмыс орнында өлтіріп кеткен
Белгісіз қарулы топ бүгін түнде Гаити президенті Жовенель Моизаның резиденциясына шабуыл жасады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Клод Жозеф мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент ауыр жарақаттан көз жұмған, оның әйелі де жарақат алды. Премьер-министрдің сөзіне сілтеме жасаған Gazette Haiti порталы шабуылдаушылар испан тілінде сөйлегенін хабарлайды.
Клод Жозеф ел президентінің міндетін өз мойнына алғанын мәлім етті. Ол елді сабырға шақырып, полиция мен армия елдегі тәртіпті сақтайтынын айтты.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"