Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғабидолла Әбдірахымов тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды

Ғабидолла Әбдірахымов «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Габидолла

26 ақпанда өткен жылдың наурызынан бастап алғаш рет «Kazakh Tourism» ҰК АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Бұл ұлттық компанияның жаңа кеңсеге көшуімен тұспа-тұс келді.

"Кеңестің күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі - ұлттық компанияның директорлар кеңесінің жаңа төрағасын сайлау болды, онда мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Абдрахымовтың кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты", - деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Кеңестегі сөзінде вице-министр мемлекет пен үкімет басшысының өңірлердегі туристік индустрияға инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмаларын ерекше атап өтті.

"Салалық мемлекеттік бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін өңірлермен бірге бізге биыл 22 мыңға жуық қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ете алу үшін туризм саласындағы жобаларға 1,1 трлн теңге жеке және мемлекеттік инвестицияларды тарту қажет", - деді Ғабидолла Абдрахымов.

2019 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының туристік индустриясын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, оның басты мақсаты - елдің ЖІӨ-ге туризмнің 8% үлесін қосу.

Талқылау