Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропадағы мектептердің біріндегі жанжал: Оқушылар жалаңаш құдай мен нимфалар бейнеленген картинаның көрсетілуіне қарсы шықты

Францияның білім министрі жалаңаш әйел денесі бейнеленген классикалық картинаның бірнеше күннен бері сабақ кезінде көрсетілуіне байланысты жанжал Париж маңындағы Жак Картье мектебінде болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: BBC

Француз тілі сабағында мұғалім италиялық суретші Джузеппе Чезаридің "Диана мен Актеон" картинасын көрсеткен. Онда аңшылықтың пәк құдайы мен нимфалар жалаңаш бейнеленген. Бұл тәжірибе XVII ғасырдағы еуропалық суретшілер арасында кең тараған.

Танымал туындыда Овидтің "Метаморфозалар" поэмасындағы мифологиялық сюжетті пайдаланған. Сюжетке сәйкес аңшы Актеон Диананы шомылып жатқан кезінде ұстап алады. Оны Диана бұғыға айналдырып жібереді. Салдарынан аңшыны өз иті тістеп, көз жұмады. Картинаның өзі Луврда сақтаулы.

Мұғалімдер одағының өкілі Софи Венетиттің айтуынша, оқушылар картинаның көрсетілуіне қарсы шыққан. Кейбірі мұғалімді нәсілшіл және исламофоб деп айыптаған. Сондай-ақ ата-аналардың бірі мектеп директорына сыныптағы пікірталас кезінде ұлына өз пікірін білдіруге мүмкіндік бермегенін айтып шағымданған. 

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, мұғалімнің аты-жөні әлеуметтік желілерде көрсетіліп, оның мұсылмандарды балағаттағаны жазылған. 

Дүйсенбі күні өз қауіпсіздігіне алаңдаған мұғалім жұмысқа барудан бас тартып, Францияның білім министрі Габриэль Аттал мектепке барды.

Мектептегі оқиға Париж маңындағы басқа мектептің мұғалімі Самуэль Патидің өлімін еске түсіреді. Оны 2020 жылы Шешенстан тумасы Абдулак Анзоров мектеп оқушыларына Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың карикатурасын көрсеткені үшін басын кесіп алған еді. Ал екі ай бұрын Францияның солтүстігіндегі Аррас қаласындағы мектептің ойын алаңында тағы бір мұғалім Доминик Бернарды пышақтап өлтірген болатын.

Талқылау