Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

FlyArystan Астана әуежайындағы жанжалға қатысушылардың барлығын жауапқа тартпақ

FlyArystan әуе компаниясы 2023 жылдың 25 ақпанында Астана әуежайында болған жанжалға қатысушылардың барлығын жауапкершілікке тартуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада 25 ақпанда "әуе компанияның кінәсінен емес, Шымкент әуежайы тарапынан тоқтатылған Астана-Шымкент рейсінің жолаушылары жанжал шығарып, соның салдарынан әуе компаниясының қызметкерлеріне де шабуыл жасағалғаны, оның ішінде екі жолаушы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылған.

"Әуе компаниясы тек екі ереже бұзушыны жазаға тарту туралы шешіммен келіспейді және жанжалға қатысушылардың барлығын жазалауды сұрайды. FlyArystan Шымкент қаласындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің жиі кешігуіне және тоқтатылуына байланысты өкінішін білдіреді”, – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

FlyArystan баспасөз қызметі, рейстің тоқтатылуы туралы ақпарат жолаушылардың түрлі реакциясын тудырғанын, жолаушылар жанжал шығарғанын, сондай-ақ қызметкерлер туралы балағат сөздер айтуға, қорқытулар мен шабуылдарға жол бергенін мәлімдеді. Осы әрекеттері үшін екі жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жолаушылар заңды тағы да бұзған жағдайда 15 тәулікке қамауға алынады.

Талқылау