Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фируза Шарипова әлемнің абсолютті чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (14-1, 8 КО) 11 желтоқсанда жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тэйлор (19-0, 6 КО) болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

10 раундқа жоспарланған жұдырықтасу Ливерпульде өтеді. 

36 жастағы Тэйлор – 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада және 5 дүркін әлем чемпоны. Еуропа және Еуроодақ чемпионаттарында бірнеше рет алтын медаль жеңген. Ол боксшы WBA, WBC, IBF, WBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды. 

Қыркүйекте өткен жекпе-жегінде Тэйлор америкалық боксшы Дженнифер Хэнді (18-4-1, 1 КО) жеңіп, чемпиондық атағын қорғаған. 

27 жастағы Шарипова соңғы кездесуінде муай-тайдан әлем чемпионы ресейлік Любовь Белякованы жеңген еді. 

Талқылау