Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ет бағасының бір аптада 30% қымбаттағаны рас па? Министрліктегілер жауап берді

Әлеуметтік желіде жылқы қазысы мен жаясының 2800-ден 3800 теңгеге, сиыр етінің мың екі жүз теңгеге, ал қой етінің 10% "қымбаттағаны" қызу талқыға түсті. Осы орайда ҚР ұлттық экономика мен ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер бұл қымбатшылықтың немен байланысты екенін түсіндірді. Сондай-ақ, олар еттің бірден 30%-ке қымбаттап кетпегенін бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

етСурет: Қарлыға Бүйенбай

«Басқа өңірлерде қалай болып жатқанын білмеймін, бірақ Алматыда бір апта ішінде ет 30% қымбаттады. Тамыз айының басынан бастап жылқы етінің бағасы мың теңгеге артып отыр. Сиыр етінің де жағдайы осылай. Себебі неде? Неге баға бұлай бірден қымбаттап отыр? Базар ережесі «Ұсыныс бар жерде сұраныс бар» дегенді айтады. Басқаша түсіндірсек, ұсыныс сұраныстан жоғары болып отыр. Мемлекетте ет тұтынатын мөлшерден аз өндіріліп жатыр», - дейді Бағдат Қожахметов. 

Әрі қарай ол ауыл шаруашылығы есептеріндегі цифрлардың жалған екеніне тоқталды. Осы орайда Көк базар сатушысының сөзін дәлел ретінде келтірді. Сатушы әйелдің айтуынша, бұл қымбатшылық Өзбекстаннан етке деген сұраныстың күрт артуымен тікелей байланысты. 

«Бұл әйелдің әкесі Оңтүстік Қазақстанда мал өсірумен айналысады. Оған келген адамдар ақшаны қолма қол және артығымен беруге дайын. Ол өзбектердің Қазақстан етін Қытайға тасымалдайтынын айтады. Ол жақта табиғи етке сұраныс артқан екен. Осылайша біздің склад кешке қарай босап қалады. Әкелінген ет сол күні-ақ сатылып кетеді», - дейді ол. 

ҚР ұлттық экономика министрлігі етке шетелден сұраныс артты деген фактіні растады. Алайда ұсынған мәліметтерінде ет бағасы 30%-ке дейін өспеген. Осы орайда олар сиыр етінің бағасы қалай өзгеріп отырғанын мысал ретінде келтірді. 

«Ішкі қажеттілік 98,3% өз өнімімізбен қанағаттандырылып отыр. Бірінші жартыжылдықта сиыр еті импорты жалпы тұтыну көлемінің 1,7%-ін құрайды. Республика бойынша, жыл басынан бері сиыр етінің бағасы 9,9%, ал айдың басынан бері 3,3% өсті. Дәлірек айтсақ, Алматы қаласында - 3,7%, Шымкентте - 5,3%, Талдықорғанда - 4,5% және Түркістанда - 3%. 13 тамыздағы жағдай бойынша, республикада сиыр етінің бағасы 1700 теңге болды», - деді министрлік баспасөз хатшысы Шыңғыс Ілиясов. 

Әрі қарай ол бағаның дәл осылай өсуіне Қытай мен Өзбекстан еліне экспорттың өсуі әсерін тигізіп отырғанына тоқталды. Әсіресе, кейінгісінің тарапынан сұраныс артқан. 

Статистика органдарының мәліметінше, биыл 2018 жылмен салыстырғанда Өзбекстанға жөнелтілген ірі қара малының үлесі 20 есе көп: 2 912 бастан 65 467-ге дейін өскен. 

«Бағаларды ұстап тұру үшін жаңа құралдар әзірленді. Енді нақты 10 негізгі азық-түлік бойынша күшейтілген бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ, олардың бағаларын төмендету бойынша шаралар қабылданып жатыр», - деді ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Ал сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарды азық-түлік бағасын бақылауға тартуды ұсынып отыр. Яғни кез келген азамат тауардың бағасын суретке түсіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының статистикасы жинақталатын арнайы порталға жібере алады. Бұл жүйе арқылы дүкендердегі тауарлардың құнын онлайн режимде бақылауға болады. Егер үкімет бұл ұсынысты қолдаса, министрлік өзге де құзырлы органдармен бірлесіп, жүйені қысқа мерзімде енгізуге дайын екені айтылды.

Ал ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілген жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 45%-і – мал шаруашылығы екенін айтады. 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту шеңберінде мал шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды субсидиялауға шамамен 30% немесе 35,9 млрд. теңге бөлінді.

Өндірістің ішкі мүмкіндіктері мен сыртқы нарықтың әлеуетін салыстыру және талдау негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі  ұзақмерзімді келешегі – ет, мал шаруашылығы. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Асқар Маминнің азық-түліктер бағасының қымбаттауына байланысты әкімдерге шүйліккені туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген

"Үйленгенде тойыма шақырамын": Димаш Құдайберген қазақстандық Ник Вуйчичпен футбол ойнады

Әли Әмір: "Димаш аға бізбен футбол ойнап, қуаныш пен бақытқа бөледі"

"Бибігүл, тоқта! Қазір тоқтамасаң, ертең кеш болады": Заңгер тележүргізуші Бибігүл Дәулетбектің қандай арсыз әрекетке барғанын айтты

Айгүл Орынбек: Мүгедек балалардың несібесін жеу бұл барып тұрған сұмпайылық

Ешкім күтпеген еді: 22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді (видео)

Бекзат Нұрдәулетов кубалық қарсыласының тіссауытын қағып түсірді

"Аяқ-қолы сау еркек отбасын өзі асырауы керек": Елорда әкімі көпірден секірмек болған жігіт жайлы

Көлгінов: Ер азамат деген аты бар, отбасына жауапкершілікпен қарау керек

"Айқайлап, көпірден секіріп үй алам деп ойламаңыздар": Елорда әкімі көпбалалы аналардың баспана мәселесі жайлы

Көлгінов: Бұл заңсыз, этикаға да жатпайды

"Тамағыңнан бауыздаймын, тыныштық бермеймін": Қазақстандықтарға хабарласып код сұрайтын алаяқтар қорқытуға көшкен

Тұрғындар алаяқтардың гипноздап тастайтындай жағдайға жеткізетінін айтты

Табысы жылына 3 млрд долларға дейін: Ел байлығының тең жартысы 162-ақ адамның қолында

2019 жылғы Forbes рейтингі бойынша, байлығы жөнінде бірінші орында Владимир Ким тұр

Әнші бұрын қандай еді, кейін қалай өзгерді: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әншінің өміріндегі жарқын мезеттерге шолу
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр