Асқар Мамин азық-түліктің қымбаттауына байланысты әкімдерге шүйлікті

Премьер-министр Асқар Мамин азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты облыс әкімдерін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Асқар Мамин азық-түліктің қымбаттауына байланысты әкімдерге шүйлікті

«Есептерден көріп отырғанымыздай, кейбір тауарлардың бағасы қымбаттап жатыр. Бұл қабылданған шаралардың жеткіліксіздігін көрсетеді. Бірінші кезекте әкімдіктер тарапынан», - деді үкімет басшысы.

Ол сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың бағаны бақылау үшін арнайы сайт құру туралы ұсынысын қолдады. Премьер-министр тауарлардың құнын тұрақтандыру үшін қабылданған жаңа тетіктерді қолдануды тапсырды.

«Мен сауда және интеграция министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, екі апта ішінде тұрақтандыру қорларының қызметіне аудит жүргізіп, содан кейін олардың жұмысын қайта құруды тапсырамын. Тауарлық интервенцияны жүргізу үшін тез арада сатып алуды жүргізу керек», - деп түйіндеді ол.

Премьер-министр ауыл шаруашылығы министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін 10 бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

«Тағы да айта кеткім келеді, әкімдер әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу мәселесін ерекше бақылауда ұстап, жедел шаралар қабылдау арқылы апта сайын бақылау жүргізіп отыруы керек», - деп түйіндеді Асқар Мамин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр