Ержан Сәденов ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды
Президент Марат Ахметжановты ішкі істер министрі қызметінен алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ахметжанов бұл лауазымға 2022 жылдың 25 ақпанында тағайындалған еді.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Оның орнына министр қызметіне Ержан Сәденов келді.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген жарлық мәтінінде.
Ержан Сәденов бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"