Еркін Нұржанов өзінен аумайтын қыздарын көрсетті (фото)
Еркін Нұржановтың шығармашылығында тыныштық орнаған. Уақытын түгелдей дерлік отбасына арнаған әнші бір кездері өнер шаһарынан алшақтап, Шымкентке көшіп кеткенін айтқан еді, деп жазады Stan.kz.

Ара-тұра жаңа ән шығарып тұратын Нұржановты бүгінде көгілдер экраннан көп көрмейсіз. Есесіне әншінің осы уақыт ішінде үшінші рет әке атанып үлгергені белгілі болды. Бүгінде Еркіннің бір ұл, екі қызы бар.
Санаулы уақыт бұрын Нұржанов отбасымен бірге демалысқа аттанып баратынын айтып, фото жариялады. Онда Еркін мен жұбайы және олардың қос қызы бейнеленген. Нұржанов тұңғышын атасының қолында қалдырып кеткен ұқсайды.
Желі қолданушылары Еркіннің үлкен қызын өзіне, ал кішісін анасына ұқсатты. Көпшілігі жұлдызды жанұяға сәт-сапар тіледі.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"