Ерке Есмахан ер азаматпен бірге тұруға қатысты ойын айтты
Ерке Есмахан ер адаммен бірге тұруға қатысты ойын айтты. Әнші желі қолданушыларының сауалына жауап беріп, азаматтық некеге қатысты көзқарасын білдірді.
Ерке Есмахан ер адаммен бірге тұруға қатысты нақты жауабы жоқ екенін айтады. Керісінше желі қолданушыларына өзі сауал жолдады.
Ерке Есмахан ер азаматпен бірге тұруға қатысты ойын айтты.
"Сұрайтын адам тауыпсыздар ғой. Ер адаммен болсаң, одан гөрі жалғыз өмір сүрген жақсы сияқты, жалғыз болсаң, ер адаммен бірге тұрған жақсы сияқты көрінеді. Түсінбей қалдық қой. Қыздар қалай дұрыс? Маған да жазыңыздаршы", - дейді әнші.
Ерке әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, әдемі көңіл-күй тіледі.
“Бұл әлемге шуақ шашып жүрген ақ жаулықты әжелерді, аяулы аналарды, сұлу апа-жеңгелерді, ару қыздарды көктем мерекесімен құттықтаймын! Мен қазақ әйелдерінің мықты болғанын қалаймын! Біз қадірлі болу үшін, өзімізді ешкімге ренжітпеу үшін, өзімізді сүю үшін, сүйдіре білу үшін, әдемі және тек бақытты болу үшін жаралғанбыз!🥰Шаңырағымызда тыныштық болып, бала-шағамыздың қызығын көрейік! Жақсы көремін”, – деп жазды ол.
Бұған дейін Азамат Зенкаев көңіл қосқан әнші көп ұзамай екі жаққа кеткендерін мәлімдеді. Желі қолданушылары тарапынан сын айтқандар көп.
“Қанша сынды да, сөзді де көтере білетін жансыз! Мерекеңізбен! Ешкімге зияны жоқ күлкіңіз кетпесін жүзіңізден!”, “Әйел мен ер адам бірге болу үшін жаралған, жалғыздық құдайға ғана тән”, “Ер адамсыз әйел бақытты бола алмайды”, “Жақсы жар жолықсын”, “Әдемісіз, шынайысыз”, “Ер мен әйел некемен тұрғаны абзал”, – деп жазды желідегілер.