AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова болашақ келініне сырға салды

Айдарбековтер әулетінде дүбірлі той. Нұртас және Гүлзира Айдарбековтер кенже ұлдары Заңғардың қалыңдығына құда түсіп, сырға салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында құдалықтың қалай өтіп жатқанын көрсетті. Онда Нұртас әулеті жаңа құдалардың босағасын аттап, салт бойынша, болашақ келінге сырға тақты. Көпшілік болашақ келінді енесі Гүлзира Айдарбековаға ұқсатты.

Сондай-ақ Заңғар Нұртас өз парақшасында күйеу жігіт атанғанын ресми түрде хабарлады. Ол қалыңдығына ұсыныс жасаған сәттің видеосын жариялады.

Құдалық кезінде сөз сөйлеген Нұртас Айдарбеков екі жастың арасында түсініспеушілік болған жағдайда келіннің сөзін сөйлейтінін бірден ескертті. 



"Соғыс басталып кеткен жағдайда, мен келіндердің жағына шығамын. Осыны есіңде ұста, балам. Мен сені жақсы көремін", – деп жиылған жұртты бір күлдірді Нұртас мырза. 

Құдалыққа Қайрат Нұртас қатысқан жоқ. Бұл күні хитмен Қарағанды қаласына концерт беріп жатқан.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр