Ереванда оппозиция Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп, көшелерді жауып тастады
Армения астанасында оппозицияның ауқымды шеруі өтіп жатыр. Қатысушылар қаланың негізгі магистральдарын жауып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ереванда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-ден бастап қаланың негізгі магистральдары жабылып, ауқымды ереуіл өтіп жатыр. Оппозиция жақтастары қолға түскен құралдарды, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін пайдалана отырып, көшелерді жауып тастады.
Акцияға қатысушылар Вардананц, Ханджян, Терян, Тигран Мец және басқа да көшелерді жауып тастады. Ереван тұрғындарын көшелерді жабуға "Отан үшін Тавуш" қозғалысының жетекшілерінің бірі Армян апостолдық шіркеуінің Тавуш епархиясының архиепископы Баграт Србазан шақырды. Ол елдің премьер-министрі Никола Пашинянның отставкаға кетуін талап етеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі