Ердоғанға жеңіске жетуі үшін 0,7% дауыс жетпеді: Түркиядағы сайлаудың бірінші турының нәтижелері жарияланды
Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлаудағы дауыстарды санау кезінде жәшіктердің 100% ашқаннан кейін 49,35% дауыс жинағаны белгілі болды. Ал оппозицияның атынан түскен кандидат Кемал Кылычдароғлы 45% дауыс жинаған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі TRT арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үшінші орынды "Ата" альянсының атынан түскен Синан Оған (5,22%) иеленді. Кандидаттығын алып тастаған Мухаррем Инже 0,43% дауыс алды, Түркияның Орталық сайлау комиссиясы оларды жарамды деп санаған.
- Ердоған сайлау учаскесінде балаларға ақша таратты (видео)
- Ойын-сауық орындары жабық, ішімдік сатуға тыйым салынған: Түркиядағы президент сайлауы қалай өтіп жатыр
Еске салайық, бұған дейін президенттікке ұсынылғандардың ешқайсысы 50% дауыс жинай алмағандықтан, екінші тур өтетіні белгілі болған. Дауыс беру 28 мамырда өтеді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады