Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енем қазақ": Қазақстандық блогер Пәкістан азаматына тұрмысқа шықты

Қазақстандық Айнұр Рахметова пәкістандық жігітке күйеуге шықты. Екі жас өткен жылдың маусым айында некелескен. Айнұр қазақтың салты бойынша ұзатылып, кейін жары Адылмен бірге Пәкістанда үлкен той жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: Instagram/rakhmetovaainn

Айнұр Рахметова – блогер, маркетолог. Өзінің блогында Instagram-да табыс табудың жолдарымен үйретеді. Сондай-ақ Америкада оқып келген Айнұр пәкістандық күйеуімен таныстығы, қазіргі өмірі жайлы жиі жазады. Айтуынша, жары Адылмен университет қабырғасында оқып жүргенде танысқан. 

"Неге күйеуім қазақ емес? Неге орамал тағып, сәлем беруден қаштың? Ұлтыңды мазақ қылдың ғой. Осылай айтатындар өте өте көп.
Ең біріншісі - Адамның қалауы бөлек, Аллахтың қалауы бөлек.
Білесіздер ме? Біздің махаббатымыз мінсіз емес. Жүрмей қалсақ, баяғыда жүрмей қалар едік. Бірақ неге мен осы жігітті таңдадым?

1. Сенімі. Маған 10000% сенеді. Америкаға 2 жылға жіберді. Неге? Себебі эгоист емес, үйде отыр, баламды туып бер, өзіңнің арманыңды тығып қой дейтін жігіттер қаншама? Әйелінің өмірі қалай?



2. Құл емеспін. Таңнан кешке дейін ас үйде тұрмаймын. 1045 ағайындарына апта сайын дастархан жаймаймын. Ешкім мені сенің міндетің деп міндетсінбейді. Қонаққа шақыра ма, көмектесемін, бірақ сыйластықпен. 100 рет рахметін айтып, үйге жібереді. Қолым бос емес пе, енем тамақ пісіре салады. Себебі мен – сол отбасының мүшесімін, домохозяйка емес.

3. Қазақ емес жігітті таңдап іріктеп алғаным жоқ. Бірақ әр адамның өз таңдауы бар. Мен келіндік батыстың өмірін қаласам, сондай жігітке тиер едім. Ал оны қаламағандықтан, өз күйеуіме тиіп отырмын. Әр адам өзі біледі. Бұл менің қазақтың салттарына жау болғаным емес. Бәріңіз басқа ұлтқа шық дегенім емес", –  дейді Айнұр Рахметова. 

Айнұр енесінің қазақ ұлтынан екенін ашып айтты. 

 

Айта кетейік, бұған дейін араб жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы жайлы жазған едік. Сауд Арабиядан келген күйеужігіт Динара Мұсабаеваға Шымкенттен үш бөлмелі пәтер сыйлады.

Талқылау