Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойы аласа жігітке тұрмысқа шыққан қыз: Мені бәрі “ақша, хайп үшін тұрмыс құрдың" деп айыптайды

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Гүлзат Әуезбекова желіде өзін айыптағандарға жауап берді. Ол ақша мен хайп қуатын жағдай емес екенін айтып ақталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жас келін жақында тұрмыс құрып, жұбайы екеуі желіде тез танылып кеткен еді. Көпшілігі оны өзінен бойы аласа жігітке тұрмысқа шықты деп айыптаса, енді бірі қолдау білдірді. Тіпті хайп үшін тұрмыс құрды деп сөккендер баршылық.

“Бәрі ақша, хайп үшін бе?” Әлеуметтік желілерге біздің видео таралғаннаң бері осы сөзді көп естіп жүрмін. Басында көңіліме алып қатты ренжігенім де бар. Жасы бар, үлкені бар өте ұят айтуға болмайтын пікірлер қалдырыпты. Барлығына бірдей жауап бере алмасам да, әйтеуір кейбіріне жауап жазып жүрдім. Бірақ сол сәтте Ғалекем мені қолдап үнемі жұбатып отырады. Шыны керек, қазіргі қоғамда барлығының аузына қақпақ бола алмайды екенбіз. Бірі қызығып қараса, бірі қарғап жатады.


"12 жастағылар үйленді": Елдің қызу талқысына түскен ерекше ерлі-зайыптылардың кім екені белгілі болды


Сіздерге айтарым, біреудің өміріне жақсы көзбен қарап жақсы қабылдасаңыздар деймін. Мына бес күндік қысқа ғұмырда тек бір-бірімізді сыйлап құрметтей білейік. Және де ешқандай да ақша, хайп үшін емес. Бұл жай ғана бізге берілген үлкен мүмкіндік деп білемін. Тәтті тілектерін жазып, әрдайым бізді қолдап отырған жақсыларға айтарым, сіздерге де Алла бақытты ғұмыр нәсіп етсін. Бізге тілеген тілектеріңіз екі еселеніп қайтсын! Әр қазақ бақытты болуға лайықты!” – деп жазды Гүлзат Әуезбекова. 

Жас келін атанған Гүлзат жолдасымен бақытты екенін айтты. Мамандығы мұғалім болғанымен, жақында блогерлікті қолға алған. 

Гүлзат жолдасымен таныстығының сәтсіз болғанын, алайда кейін өзі бастап қайта сөйлескенін мойындайды. 

“Мен Ғалекеммен желі арқылы таныстым. Кейін кездестік. Бірақ мен оны көріп қорқып кеттім. Бірден қоштастық. Арада 4-5 ай уақыт өтті. Ол да маған жазбады. Мен оны ойлап жүрдім. Бауыр басып қалғандай болдым. Анама айттым. Анам батасын берді. Мен солай өзім бастап қайта жаздым. Бірден жауап берді. Содан бері арамыз үзілген жоқ. 4 қыркүйек күні өз туған күнінде бас қостық. Мен оған сыйлық болып келдім”, – дейді жас келін.

Талқылау