AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арбаға таңылған қазақстандық киім дизайнері тұрмысқа шықты

Тоқылған киім дизайнері Әйгерім Болатова тұрмысқа шықты. Ерекше жағдайдағы арудың ұзату тойына белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан барып қайтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Динара Сәтжан Әйгеріммен 2017 жылы танысқанын айтады. Екінші кездесуінде Сәтжан Болатовадан киім тоқып беруді сұраған. "Бұйым бір күнде дайын болды" деген Сәтжан сол кезде Әйгерімнің іскерлігіне тәнті болғанын жеткізді. 

"Бұл жеңілдік, жылдамдық мені баурап алды", – деп бөлісті ол. 
Қайсар қыз өмірдің сынағына қарамастан, ісін дамытып, алға ұмтылуды тоқтатпаған. Мемлекеттік "Даму" бағдарламасына қатысып, тігін машинасына грант ұтып алыпты. 

"Айка бұрынғыдан да көп тоқи бастады. Тағы бір машина сатып алды. Осылайша AIKA BOLATOVA бренді дүниеге келді. 



Ал бүгінде оның қолынан шыққан бұйымдарды Қазақстанның ғана емес, шет мемлекеттердің әйелдері ұнатады. 

Қазір Айканың өз цехы, бренді мен командасы бар. Ода барлығы болды, тек махаббат жетпеді. Құдай әділетті. Енді Айкада өзі армандағанның бәрі бар", – деген Сәтжан Әйгерім Болатованың ұзату тойында түскен суретті жариялады. 

"Айка! Сен маған шабыт бересің. Сендегі жеңілдікті, өмірге деген позитивті көзқарасты, даналығыңды, шынайылығың мен адалдығыңды ұнатамын. Шығармашылығың жасай берсін, ал біз саған көмектесеміз. Бақытты әрі ұзақ отбасылық өмір тілеймін", –  деді Сәтжан. 

29 жастағы Әйгерім Болатова – Өскемен қаласының тумасы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. 2012 жылы бір күнде екі рет жол апатына ұшырап, содан кейін арбаға таңылған. Бұған дейін Qazaqstan ұлттық арнасы Әйгерім туралы хабар көрсеткен еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр