Динара Сәтжан "Үздік тележүргізуші" аталымында "Халықтың сүйіктісі" сыйлығын жеңіп алды
Динара Сәтжан "Халықтың сүйіктісі – 2021" сыйлығына ие болды. Ол "Үздік тележүргізуші" аталымын жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қызмет жолындағы жағымды жаңалығымен Сәтжан желідегі парақшасында бөлісті.
"Өзім Алматыда түсірілімде жүргенде анам "Үздік тележүргізуші" аталымы бойынша "Халықтың сүйіктісі – 2021" сыйлығын алды.
Мені қолдайтын барша жанға алғыс айтамын", – деді Сәтжан.
Соңғы кезде Youtube-тағы жобасына көбірек көңіл бөліп жүрген тележүргізуші биылға жоспары көп екенін, көрерменнің үмітін ақтауға тырысатынын айтып өтті.
Алматыда қандай діни ұйымдар бар? Олардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық (Фоторепортаж)
Дін қызметкері Қазақстандағы конфессияаралық келісім деңгейін жоғары бағалады
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"