Иманбек АҚШ-та концерт береді
"Грэмми" сыйлығының иегері, диджей Иманбек Зейкенов АҚШ-та концерт береді. Ән кеші 20 мамырға жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Иманбек ұсынған шоу Колорадодағы Temple Denver алаңында өтеді.
Айта кетейік, аталған алаңда өтетін концерттің әр билетінен 1 доллардан музыка сүюшілердің қауымдастығына қайырымдылық ретінде аударылады. Аталған қауымдастық музыканың, сөйлесу мен махаббаттың, өздігінен білім алудың көмегімен адамдардың психикалық саулығын сақтап, суицидтердің алдын алады.
- "Құрметті ресейліктер, сіздерді құттықтаймын": Димаш Құдайберген допинг сынамасымен ұсталған спортшыны қолдады
Айта кетейік, Иманбек Зейкенов Roses ремиксі арқылы әлемге танылды. Ол аталған трегі үшін Қазақстаннан бірінші болып "Грэмми" сыйлығын иеленді.
Алматыда қандай діни ұйымдар бар? Олардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық (Фоторепортаж)
Дін қызметкері Қазақстандағы конфессияаралық келісім деңгейін жоғары бағалады
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"