Халыққа қызмет көрсету орталығы тағы бір қызмет бойынша өтінішті онлайн қабылдайды

2026 жылдың 12 шілдесінен бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жер учаскесіне мемлекеттік акт беру қызметі көрсетілмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Енді жер учаскесіне мемлекеттік акт алу үшін өтінішті тек eGov.kz порталы арқылы беруге болады. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес күшіне енді.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәліметінше, қызметті алу үшін пайдаланушы eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, жер учаскесіне мемлекеттік акт беру қызметін таңдауы, қажетті мәліметтерді толтыруы және өтінішке қолжетімді электрондық сәйкестендіру тәсілдерінің бірі арқылы қол қоюы қажет.
Өтініш қаралғаннан кейін оның нәтижесін пайдаланушының Жеке кабинетінен көруге болады. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы толық ақпарат eGov.kz порталындағы қызмет паспортында жарияланған.
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, бұған дейін жер учаскесіне мемлекеттік акт алу үшін азаматтар ХҚКО-ға жеке баруға мәжбүр еді.
"Қазір мұндай қажеттілік жоқ. Себебі өтініштердің 96%-ы онлайн форматта беріледі. Ал 12 шілдеден бастап бұл қызмет толықтай цифрлық форматқа көшірілді", – деді ол.
Сонымен қатар егер азаматтың қызметті онлайн алуға мүмкіндігі болмаса, ол ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын пайдаланып, мемлекеттік қызметті өз бетінше рәсімдей алады.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Оқыңыз