Еліміздің бірнеше өңірінде мектептегі сабақтар тоқтатылды
Қазақстанның бірқатар өңірінде мектеп оқушылары үшін күндізгі сабақтардың тоқтатылуына ауа райының қолайсыздығы себеп болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтандағы білім басқармасының шешімі бойынша 2021 жылғы 10 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -27 С ) I ауысымның 0-4 сынып оқушылары үшін мектептердегі сабақтар қашықтан оқыту форматына көшті.
Қостанайда да бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары -27 градус аязға байланысты онлайн оқытуға ауыстырылады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағандыда және Теміртауда бірінші ауысымның 0-ден 5-ші сыныптарына дейінгі сабақтар тоқтатылады. Сабақтар қашықтан өткізіледі.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды. Облыстық ТЖД -27 градусқа дейін қатты аяз туралы хабарлайды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар