Еліміздің Беларусь және Вьетнамдағы жаңа елшілері тағайындалды
Ел президенті Тоқаев Қазақстанның Вьетнам және Беларусьтегі елшілерін ауыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев Вьетнамға сапарынан кейін Қазақстанның сол елдегі елшісін ауыстырды.
Қанат Тумыш Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Бұған дейін Қазақстанның Вьетнамдағы, Камбоджа мен Лаостағы елшісі қызметтерін Ерлан Байжанов атқарған. Енді Байжанов Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Бұған дейін Беларусь Республикасындағы елші қызметін Бейсенбаев Асқар атқарған.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды