Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында қарлы боран, тұман, көктайғақ күтіледі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжануда.

Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Түнде облыстың шығысында қарлы боран болады деп болжанды.

Батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан жел, оңтүстік жел секундына 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерде боран, көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с-қа жетеді, кей жерлерде екпіні секундына 25 метр болады. Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Талқылау