Елімізде жаңа мектептердің құрылысына екі триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді
Қазақстанда екі жыл ішінде 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 заманауи мектеп салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жобаны іске асыруға 2,4 трлн теңге бөлінеді.
Премьер-министрдің баспасөз қызметі 369 жаңа мектептің 205-і қалаларда, 164-і ауылдарда салынатынын мәлімдеді. 217 ғимараттың құрылысы 2024 жылға, тағы 152 ғимарат 2025 жылға жоспарланған.
2022 жылдың қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын әзірлеп, іске асыруды тапсырған. Сол кезде президент әрбір қазақстандық оқушының оқу және жан-жақты даму үшін лайықты жағдайлары болуы тиіс екенін атап өтті.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды