Елімізде студенттердің жатақханада тұру ақысы мемлекет тарапынан субсидияланады
Жаңа оқу жылынан бастап елімізде алғаш рет студенттерге жатақханада тұру ақысын мемлекет өтеп береді. Бірақ бұл жеңілдік барлығына қарастырылмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа оқу жылынан бастап өтемақыны 7 145 студент алады. Олардың ішінде 4 мыңнан астамы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер екен. Ал 2,5 мыңға жуығы ерекше қажеттілігі бар азаматтар. Жатақханада тұру шығындары үшін жылына 29 айлық есептік көрсеткіш, яғни 100 050 теңге берілмек.
Министрлік өкілдерінің сөзінше, қазіргі таңда 134 мың студент жатақханада үйінде тұруға ниетті. Бірақ 30 мыңға жуық тәлімгерге орын жетпейді. Әсіресе, Астана мен Алматы қалаларында тапшылық сезіледі. Сол себепті жатақханадан орын жетпеген студенттер уақытша қонақүй немесе хостелдерге орналастырылады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”