Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде коронавирус өсімі 15%-ға артты - Есмағамбетова

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирусты жұқтыру деңгейі артып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

"Әлемде коронавирустық инфекция бойынша сырқаттану жағдайы әлі де тұрақсыз. Ауырғандардың саны өсіп отыр. Бүгінгі күні әлемде барлығы 5 миллионға жуық адам ауырып, оның ішінде 324 мың адам қайтыс болды. Бүгінгі күнге Қазақстанда 6 969 жағдай тіркелді. Күнделікті емделіп шыққан адамдардың саны артып келеді. Барлығы 3 649 адам жазылып шықты. Бұл ауырғандардың 50 пайызын құрайды. Соңғы тәулікте елде 218 жаңа жағдай тіркелді. Өсу қарқыны 3,2 пайызды құрады. Оның ішінде 25-і науқастармен байланыста болғандар, 28-і скрининг барысында анықталғандар, 21-і ауруханаға жүгінгендер, 17-сі сырттан әкелгендер", - деді ол.

Бұған себеп халықты жаппай тестілеуден өткізу дейді Есмағамбетова. 

"Бұл ең алдымен коронавирус инфекциясына тест өткізу көлемінің артуымен байланысты. Коронавирус инфекциясы тіруелген сәтттен бері бүгінгі күнге дейін 559 мыңнан астам тест жасалды. Наурыз айымен салыстырғанда тәулік ішінде тестілеу саны 6 мыңнан 23 мыңға дейін ұлғайды. Бұл тәуекел тобына кіретін тұлғалар арасында скрининг жүргізу арқылы науқастарды анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізуімізге мүмкіндік берді", - деп қосты бас санитар дәрігер.

Еске салайық, бұған дейін Есмағамбетова дәмханаларда ауызашар ұйымдастыруға рұқсат берген болатын. 


 

Талқылау