Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде әріптестер арасындағы махаббат хикаясының әрбір бесіншісі үйлену тойымен аяқталады

Елімізде бірге жұмыс істейтін әріптестер арасындағы махаббат хикаясының әрбір бесіншісі үйлену тойымен аяқталады екен. Ал ел ордасы бұл мәселеде көш бастап тұр. Оған не себеп? Әрбір үшінші қызметкер жұмысында көңіл жарасатын жұбын табатыны рас па?

Бұл жөнінде Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Қызметтестер хикаясы» десе, есімізге ең бірінші режиссер Рязановтың түсірген туындысы түсетіні анық. Шынайы өмірді баяндаған фильм қырық жыл өтсе де бүгінгі өмірде де өзектілігін жоғалтпаған.

Кеңседе қызмет ететін қыз-келіншектердің 40 пайызы дәл осы жерде өзінің екінші жартысын табуға тырысады. Арманындағы жігітке қол жеткізу үшін, күні бойы боянып-сыланып қана қоймай, өз жұмысынан бас тартуға да дайын екен. Неге? Себебі, офисте өмірінің тең жартысы өтеді. Сыртқа шығып,махаббатын іздеуге де уақыт жоқ. Сондықтан да, тамағы, косметикасы, жастығы да, үстіне жамылатын көрпесі де өзімен бірге.

Шенеуніктер қаласы саналатын Астана әріптестер хикаясынан көш бастап тұр. Мұнда әрбір үшінші қызметкер жұмысында міндетті түрде біреумен көңіл жарастыруды сәнге айналдырған. Алайда, қызметтестер романына қалай қарайсыз деген сұраққа, кей депутаттар ала тондарын ала қашты!

«Жоқ, ештеме айта алмаймын!Мен кеттім!», «Әр адам өз тағдырының қожайыны менің пікірімше!», «Меніңше ол ешнәрсесі жоқ! Мемелекеттік тұрғыдан махаббатты шаңырақ құрса, онда тұрған ештеме жоқ!».

Әлеуметтанушылар, қызметтік роман жиі кездесетін мекемелерді де анықтапты. Зерттеу жұмыстарына сәйкес, топ- менеджерлер, маркетологтар, мәдениет саласы мен туристік бизнесте қызмет көрсететіндердің тең жартысы бір-бірімен жиі көңіл-көтереді. Оны танымал әнші Баян Нұрмышева да растап отыр. Айтуынша, ол өз махаббатын дәл осы сахнада тапқан.

«Жиі бір-бірімізді көретін болдық. Жиі концерттік бағдарламаларда жолығатын болдық. Тіпті гастрольдіәк сарапаларға да жиі шығатын болдық» – дейді «нші Баян Нұрмышева.

«Көп достарымыздың барлығы қайта жақсы емес па деді. Бірге жұмыс жасайсындар, бірге отбасысындар деп» – дейді әнші Ерлан Орынбасаров.

Психологтардың пікірі де екі жаққа бөлінген. Бірі жұмыста пайда болған флирт еңбек өнімділігін арттырады десе, екінші тарап қызмет пен махаббаты мүлдем араластыруға болмайды, дейді. Дегенмен статистика басқаша сөйлейді.

Әріптестер арасындағы махаббат хикасының әрбір бесіншісі үйлену тойымен аяқталады. Ал 19 пайызы мансап қуып, бастықтарымен бірге болғысы келеді екен. Оның 22%-ы шын махаббатпен қосылса, 23%-ы жай көңіл көтеру үшін жүреді. 17%-ы қызметтік романдарын жасырын ұстауға тырсса, 19%-ы қатал түрде субординация ұстайды.

“Пендеміз ғой” ток шоуының жүргізуші Ғалым Кәлмен мен журналист Әсем Изатқызының бір-біріне деген сезімі “Қазмедиа” қабырғасында басталыпты. Олардың әріптестік хикаясы да көп ұзамай үйлену тойымен бір-ақ аяқталған.

«Бір қызығы, ол тура менің отыратын орныма келіп отырды. Сол жерден компьютер берді. Дәл жанымда. Қарап отыратынмын, әрдайым. Ол кезде маған көңіл бөле бермейді. Сьемкасына барып келеді, келіп жұмыстарын істейді. Ал мен бақылап сыртынан қарап отыратынмын» – дейді журналист Ғалым Кәлмен.

Осылайша, әріптесін ұнатқан Ғалым Кәлмен жұбайын қолға түсіру үшін көп күш салудың қажеті де болмағанын да айтып қалды: «Сындырғанда, өзі де кет ары емес!».

Тағы да оқыңыз:

Жақында ұлы қайтыс болған тележүргізуші әкесі мен бауырынан да айырылды

Қанағаттандыра да алмайсыңдар: Атышулы Замира ер азаматтарға тағы да өкпесін айтты (видео)

Талқылау