Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақында ұлы қайтыс болған тележүргізуші әкесі мен бауырынан да айырылды

Тележүргізуші өз басымен қайғы болып жүргенде көршілерінің басқа мәселелерді айтып жағадан алғанын айтып ашынды.

“Осыдан 2-3 жыл бұрын Абзалым Мәскеуде оқып жүргенде “антикафе” деген идеяны әкеліп, баламның бизнес-идеясын қолдап, шашбауын көтеріп, Құлагер ықшам ауданы 34 үйдің боққа батып жатқан жертөлесін балаларыммен бір апта тазалап, 20 қап қоқыс шығарып, левкас, эмульсия, Леонардо, ковралан, электр желілері, кіреберіске навес….т.б. миллион жұмыс істеп, миллиондаған шығын шығарып сол антикафені ашып едік. Оның ашылуына осындағы тілекші достар өздеріңіз де келіп едіңіздер…

Сосын ол бизнесіміз жүрмеді, тоқтады. Бірақ сол жертөледе дүние-мүлкіміз сол күйі тұрған. Кілті менде. Жаңа жылдың алдында сол подъездің тұрғындары жертөлені босат деді. Бір ай мерзім сұраған едім, артынша балам қайтты, әкем қайтты….не до подвала болды….
Енді Ғалым деген подъезд белсендісі жағадан алып жүйкемді жұқартып жатыр….. Мынау ватсаптағы екеуара әңгіменің скриншоты….

Сөз ұғудан қалған мәңгүрт халге жетіппіз… Шындығына келгенде, сол подъездегі белсенді екі орыс кемпір, бір кәріс кемпірге қалған қазақтар қыңқ дей алмай, мені қылқындырып жатыр…
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады деген осы екен… Төрелігін өздеріңіз айтыңыздаршы, ағайын…”, – дейді Әбілдаханқызы.

“Не дейді,Сəулеш-ау,əкеңізді естімеппін,жығылғанға жұдырық дегендей,қазаның қайырын берсін, жандары жұмақта болғай”, “Имансыз адам болғаны ғой. Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын деген осы ғой. Алла өзіңе күш- қуат сабыр берсін, Сəуле!”, – деп жазады желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыз:

Ұлынан айырылған тележүргізуші: Мен енді бұрынғы Сәуле емеспін

Кешір, ұлым: Ақын Қалқаман Сарин ұлынан айырылған журналистің атынан өлең жазып жұртты жылатты

Ұлынан айырылған қазақ журналисі: Ол дүниеге, ақшаға қызыққан жоқ, оның досы көп болды

Талқылау