Қазақстанда әуе билеттерінің бағасын тексеріліп, оның өзгеретіні туралы алдын ала ескертілмек
Сауда және интеграция министрлігі ішкі рейстерде ұшақтардың бағасына және баға қою тарифі бойынша мониторинг жүргізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бір бағыт бойынша ұшу құны сатып алу күніне, сұранысқа және сатып алған уақытқа байланысты баға әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, билетті бірнеше ай бұрын сатып алсаңыз, ол әлдеқайда арзан болуы мүмкін. Мұндай қағида динамикалық баға белгілеу деп аталады және оны қазақстандық әуе компаниялары қолданады. Енді Қоғамдық кеңеске қатысушылар тарифтерді қалыптастыруды егжей-тегжейлі барлығын тексеріп шығуды ұсынды. Әңгіме билеттердің бағасын ғана емес, оның өзгеру принциптерін де тексеру туралы болып отыр. Ол үшін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне Көлік министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп жұмыс істеу ұсынылды.
Дегенмен, әзірге әңгіме тек ұсыныстар туралы болып отыр. Ведомство әуе компаниялары үшін жаңа шектеулер енгізілгені немесе ұшу құнының міндетті түрде төмендегені туралы хабарлаған жоқ.
Бағаның өзгерісіне қатысты хабарлама
Тағы бір ұсыныс жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға қатысты. Жиында әуе билеттерінің бағалар күнтізбесін енгізу және олардың құны өзгерген жағдайда жолаушыларға хабарлама жіберу мүмкіндігі талқыланды.
“Сондай-ақ әуе билеттері бағасының күнтізбесін енгізу және билет құны өзгерген жағдайда хабарлама жіберу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды”, – деп хабарлады Сауда министрлігі.
Бағалар күнтізбесі әртүрлі күндердегі әуе билеттерінің құнын салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, адам Алматыдан Астанаға ұшуды жоспарлағанымен, сапар күнін әлі нақтыламаған делік. Мұндай құрал арқылы қай күндері билет арзанырақ екенін көріп, өзіне тиімді нұсқаны таңдай алады.
“Отырыста көтерілген барлық бастамалар мен ұсыныстарды жауапты мемлекеттік органдар пысықтайды. Ал олардың орындалуы Қоғамдық кеңестің бақылауында”, – деп жазды министрлік.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алатыны жайлы жазған едік. Ұшақ рейсі кешігіп, діттеген жеріңізге жете алмай немесе кеш жетсеңіз әуе компаниясынан өтемақы өндіріп алудың жолдары бар. Қазақстан заңнамасында рейс кешіккен жағдайда әуе компаниясы жолаушыларға қандай қызметтер көрсетуге тиіс екені және қандай жағдайда өтемақы талап етуге болатыны белгіленген.
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
