Елімізде алты ірі күріш өндіруші компания алдын ала сөз байласты деп айыпталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "Абзал и К" ТС, "Мағжан и К" ЖШС, "Жан-Арай" ЖШС, "Най-Мир" ЖШС, "Абай-Даулет" ЖШС және "Байдалиев К" ЖК компанияларына қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік мәліметінше тергеу барысында кәсіпкерлер күріш бағасын белгілеп және ұстап тұру туралы бәсекеге қарсы келісілген іс-қимыл фактілері анықталған.
“Тергеу қорытындысы бойынша күріш өндірушілер мен көтерме саудагерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Ағымдағы жылдың маусым айында сот жоғарыда аталған күріш өндірушілерді жалпы сомасы 67,9 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты”, – делінген хабарламада.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"