Елена Рыбакина кезекті жеңісінен кейін әлемнің 4-ракеткасы атанды
22 мамырда әйелдер теннис ассоциациясының рейтингі жаңарған соң Елена Рыбакина әлемнің 4-ракеткасы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Рыбакина рейтингте 6-орында тұрған. Қазір оның еншісінде 5090 ұпай бар. Үшінші орында тұрған Джессика Пегуладан тек 115 ұпайға қалып келеді.
Егер отандасымыз "Роллан Гаррос-2023" турнирінде жақсы нәтиже көрсетке, қарсыласын бас озуы керек.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Римде өткен WTA 1000 - Internazionali BNL d'Italia турнирінің чемпионы атанған еді. Ол финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналқы Ангелина Калининамен ойнады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

